![]() |
||
Мұстафа Шоқай
1993 жылы
25 қарашада Қызылорда облыстық Кеңесінің
ХІІІ сессиясы Мұстафа Шоқайды Қазақстан Республикасының
азаматы деп тану туралы Республика Жоғарғы Кеңесіне
ұсыныс жасады. Барша жұрт мұны ризашылықпен
қабылдады. Өмір өзі көрсетіп
отыр, тарих алдауға көнбейді. Бірі ерте, бірі кеш, бірақ
қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының
қайраткерлері түгелдей өздеріне тиесілі орнын табатыны
сөзсіз. Ұлттық қауіпсіздік
органдарында Мұстафа Шоқайдың жеке басына қозғалған
қылмыстық іс жоқ. Дегенмен, бірсыпыра архивтік іс-қағаздарында
ол туралы бірен-саран мәліметтер кездеседі.
«Мұстафа
Шоқай... ол кім?» Иә, ол кім?.. Қазақ халқының
өткен тарихына зер салсақ, оның бұрмаланған,
билеушілерге жарамсақтанып жазылмаған беттері кемде-кем.
Сондықтан да болар кей тарихи шындықты қиялдан ажыратып
алу қиынға соғады. Кім батыр, кім сатқын?
Кім халық үшін қам жеді, Кім жеке басының
пайдасын ойлады? Кім мақсатқа жетуді ойлады, ал кім өз
өмірін туған елі үшін қиды? Кім тарихи жолда
шын қателесті, кім қасақана халқының қанын
төкті? Иә, бұл сауалдарға жауап беру оңай
болмас. Әділдігі сол тарихта із қалдырған белгілі
қайраткерлердің қызметтерін, тіршіліктерін, іс-әрекеттерін,
олардың өмір сүрген уақытына, заманына, сол
кездегі тарихи кезеңдерге сай бағалау қажет. Уақытты
өзгертуге қақымыз жоқ, оны таңдауға
да болмайды. Тек әр адам қилы-қилы кезеңде өз
жолын таңдауға құқы бар. Сонан да Мұстафа
Шоқайдың уақытын өзгертуге болмайды. Ол қандай
уақыт еді? Ол ойға шомылған уақыт
еді. Орта Азия мен Қазақстан халқының тағдыры,
олардың келешегі кімді ойландырмады? Түрлі-түрлі партия
мен топтардың билікке күрескені де рас. Қалай болғанда
да шындығы сол, Қазақстан КСРО-нің бір Республикасы
болып шыға келді. Жеңіске жеткендер биледі, ал жеңілгендер
жаппай жазаланды, қуғын-сүргінге ұшырады, бас
сауғалап мекенінен безді... Міне, Мұстафа Шоқай да
солардың кебін киді, еріксіз туған жерін тастап, шет елге
кетті. Бірақ ол әдепкі таңдаған өмір жолынан
бас тартпады. Шет елде өткен жиырма жылдан астам ғұмырында
туған елінің азаттығы үшін күресті. Оның
айғағы - Батыс елдерінде бастырып шығарған «Жаңа
Түркістан» мен «Жас Түркістан» журналдары «Түркістан
Кеңестер билігі астында» кітабы және де көптеген саяси-қоғамдық,
публицистикалық саясатын үздіксіз әшкерлеп, оған
әділ баға берді. |
||
|
||