![]() |
||
Ресей империясының, кейін көп жағдайда оның мұрагері
ретінде танылған Кеңес Одағының құрамындағы
қазақ, өзбек және басқа да түркі
тектес халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы
тарихында Мұстафа Шоқайдың алатын орны ерекше. Алайда
отандық және шетелдік әдебиетте қазақ
қайраткерінің шығармашылық мұрасы мен
қоғамдық саяси көзқарастарына көбірек
көңіл бөлінеді де, ұйымдастырушылық, дипломатиялық,
жай адами қырларын пайымдау қағажу қалып келеді.
Сондай мәселелер қатарына жиырма жылға уақыт
бойы Еуропаның төрінде тәуелсіздік үшін күрес
туын көтерген саяси ұйымды құрудағы М.
Шоқайдың ерен еңбегін жатқызуға болады. Тәуелсіздік үшін күресте
Ресейді мекендейтін түркі халықтарының басын біріктіру,
олардың біріңғай саяси ұйымын құру
идеясы әлдеқашан-ақ пісіп жетілген еді. Бірінші орыс
революциясы тұсында “Мұсылман одағы” құрылса,
1905 жылы 19 қарашада одан да кең көлемдегі “Автономияшылар
одағы” дүниеге келеді. Осы уақыттан-ақ отарлық
езгіге қарсылық жадидтік және түркішілдік қозғалыстың
басты сипаты айқындалады. М.Шоқай болса осы қозғалысты
жаңа жағдайда, жаңа деңгейде жалғастырушы
болды.толығырақ...
Амантай Кәкен шығармасы Мұстафа
Шоқайдың қазасы туралы ақиқат қашан
ашылады? Ғұмыр бойы большевиктердің
отаршыл саясатымен күресіп, сол үшін туған өңірден
қыр асуға мәжбүр болған Мұстафа
Шоқайдың өмір жолы кімді болса да бейжай қалдыра
алмайды. Соңғы жылдары ол туралы жиі жазылып жүргендігі
де содан болса керек. Дей тұрсақ та, Шоқайға
тікелей қатысты проблемалардың біразы әлі күнге
дейін бір ізге түсе қоймағанын мойындағанымыз
жөн. Көп шұбыртпай-ақ бір-екі мысал келтірейік. Айталық, Түркістан легионын кім құрды?
Тарихшы П. Белан: “1942 жылы Берлинде Мұстафа Шоқай
мен У. Каюм-хан басқарған Түркістан ұлттық
комитеті құрылды, бірақ Шоқай оның президенті
қызметінде көп бола қойған жоқ” (“История
Казахстана: белые пятна”, 302-303 б.) десе, “Қазақ әдебиеті”
газеті (16.02.2001), “Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр” анықтамалығында: “Мұстафа Шоқай
ұйымдастырған легион” (13-б.), ал “Үлкен Түркістанның күйреуі”
повесі: “Қазір 1942 жылдың март айы. Гестапо Шоқаевқа
әлі тиіскен жоқ” (49-б.) деп хабарлайды. Егер Мұстафа Шоқай 1941 жылдың
27 желтоқсанында қазаға ұшыраса, оның легион мен комитетке қатысы болуы, одан гестапоның қауіптенуі мүмкін
бе? ХХ ғасырдың басында қазақ
әлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шыққан,
төл тарихымызға есімдері алтын әріппен мәңгілік
жазылған ұлтымыздың аса көрнекті саяси тұлғаларының
ішінде Мұстафа Шоқайдың өзгелерге ұқсай
бермейтін өзіндік тағдыры болды. Ол омірінің соңғы
20 жылдан астамын жат жерде туған еліне деген ерекше ыстық
ықыласты сғынышпен қатар өз ұлтының
рухани бостандығын, Түркістан аймағының азаттығын
аңсаумен өткізді. Мұстафа Шоқайдың саяси күрескер ретіндегі табиғатын ашу үшін оның әлеуметтік саяси көзқарасының қалыптасуында айрықша рөл атқарған аса маңызды факторларға соқпай кетуге болмайды. Оның ел ішінде әділдігімен Шоқай би атанған әкесі мен атасы Торғай датқаның суреттерінің патша үкіметінің арнайы тапсырмасымен дайындалған фотоалъбомға кіруі бұл әулеттің Сыр өңірінен тысқары жерлерге де мәлім екенін айғақтайды. толығырақ...
Гүлбану Әбенова шығармасы МЕДАЛЬ УЖЕ ВРУЧЕНА ПРЕДСТАВИТЕЛЯМ КАЗАХСТАНА
Решение о награждении приняли Межотраслевой объединенный комитет
по наградам и Гуманитарный фонд Санкт-Петербурга.
Медаль была вручена генеральному консулу Казахстана в России. Министерство
иностранных дел Казахстана передало медаль в министерство культуры и
информации Казахстана, где в данный момент решается вопрос о передаче
ее в один из музеев Астаны. |
||
|
||