![]() |
||||
Әмірхан Бәкірұлы
– мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздік қызметінің
полковнигі. Қазақстан журналистер одағының мүшесі: Кеңес
өкіметі тұсында М.Шоқай туралы бар шындық айтылмады.
Ұзақ жылдар бойы оны негізсіз «халық жауы» қатарына
қосып келді. Кешегі мемлекет билеушілері оның есімін алдымен
«Алашорда» және «Түркістан автономиясына» кейіннен Ұлы
Отан соғысы кезінде пайда болған «Түркістан ұлттық
комитеті» мен «Түркістан легионы» атты ұйымдарға байланыстырып,
күні бүгінге дейін «Отанын сатқан опасыз»
деп атады. М.Шоқайдың елінің бостандығы
үшін күрескенін, Кеңес өкіметінің екі жүзді
сааясатын әшкерелегенін дүние жүзі білгенімен, өз
Отандастары естімеді, білмеді. Оның еңбектерінде, тіпті атын
– атауға қатаң тыйым салынды. Бұл тәртіпті
бұзғандар ОГПУ-НКВД органдарымен аяусыз жазаланды. Оған
куә көптеген архивтік құжаттар. Сонымен
қатар белгілі жазушылар Ә.Әлімжанов , Б.Қойшыбаев,
Х.Абдуллин және басқалары нақты деректерге жүгініп
Мұстафа Шоқайдың халқына адалдығын, даналығын,
ақтығына көпшіліктің көзін жеткізген сияқты.
Одан бері «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейханов,
М.Тынышбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев
және басқалары саяси және заң жүзінде толық
ақталып, қазақ халқының тарихында өздеріне
лайық орын алды. Осы тұста солармен бірге болған жалғыз
Мұстафа Шоқай ғана тарихтан өз бағасын алмай
қалды. Бұл жәйт кімнің де болмасын, жанына батады.
1993 жылы 5 қарашада Қазақстанның халық
жазушысы Ә.Тәжібаев, атақты академиктер Ж.Әбділдин,
М.Қозыбаев және елді аса жоғары құрметтейтін
бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мырзаға Ашық
хат жолдап, Мұстафа Шоқайдың еңбегіне әділ
баға беріп, оны еске алу жайлы шараларды жүзеге асыруды сұрады.
|
||||
|
||||
Мұстафа Шоқай
қорының президенті О.Сапиев: 1993
жылы 25 қарашада Қызылорда облыстық Кеңесінің
ХІІІ сессиясы Мұстафа Шоқайды Қазақстан Республикасының
азаматы деп тану туралы Республика Жоғарғы кеңесіне
ұсыныс жасады. Барша жұрт оны ризашылықпен қабылдады.
Өмір
өзі көрсетіп отыр, тарих алдауға көнбейді. Бірі
ерте, бірі кеш, бірақ қазақтың ұлт-азаттық
қозғалысының қайраткерлері өздеріне тиесілі
орнын табатыны сөзсіз. Ұлттық
қауіпсіздік органдарында Мұстафа Шоқайдың Жеке
басына қозғалған қылмыстық іс жоқ.
Дегенмен бірсыпыра архивтік іс-қағаздарында ол туралы бірен
– саран мәліметтер кездеседі. Біз бұл еңбегімізде соларды
тіртінектеп жинап, оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз.
Біздің ойымызша Мұстафа Шоқайға байланысты құжаттардың
барлығы түгелдей жариялануға тиіс. Сонда барып, тарихи
шындық ашылып, әділдік қалпына келмек. |
||||