Әміре Қашаубаев

 Көпшілікке белгілі деректер бойынша 1925 жылы 27 мамырда орыс әншілері Доливо-Саботнацкий, Ковалева, өзбек әншісі Кари Якубов, бишісі Тамара Ханум, әзірбайжан әншісі Шевкет Мамедов және басқаларымен бірге Әміре Қашаубаев Парижде өткен жержүзілік көрмеде этнографиялық концертке қатысқан. Келесі күні оның тұрып жатқан қонақ үйіне, сол жақта эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай келіп, екеуі біраз әңгімелескен. толығырақ  »»»

Ұлттар лигасы

Байланыста алдымен Ұлттар лигасы көрсетілген. Халықаралық Ұлттар лигасы 1918-1919 жылдары АҚШ Президенті Вильсонның араласуымен құрылған болатын. Негізгі мақсаты соғыс қаупінің алдын алу еді. Бұл ұйымға қырықтан астам мемлекеттер кірген. Солардың ішінен ағылшын, француз, итальян және басқа ұлттар болған. Кеңес Одағы Ұлттар лигасын әдепкіде кезде сенімсіздік білдіріп кірмеген. Оның үстіне 1930-1934 жылдары И.Сталин бұл халықаралық ұйымды Кеңес Одағына қарсы қастандық әрекеттер ұйымдастырып отыр деп айыптаған. Дегенмен, 1934 жылы Кеңес Одағы Ұлттар лигасының құрамына кірген. Бірақ 1940 жылы Финландия мемлекетіне қарсы соғыс жариялауына байланысты бұл ұйымнан Кеңес Одағы Шығарылған.

 20-30 жылдары Мұстафа Шоқай Кеңес Одағына қарсы антикеңестік іс-әрекеттерін осы Ұлттар лигасының ықпалымен жүргізіп отырған деген қауесет тараған. Соған байланысты ОГПУ қызметкерлері тізімге алдымен осы ұйымды кіргізген.

 
 
 
 
 
 
 
 

 

Нақтырақ білгіңіз келсе... >>

 

 

Нұртаза Шоқаев

 Біз Мұстафа Шоқайдың үстінен қозғалған қылмыстың іс болмаса да, оның жақын туған – туыстарына іс бар екеніне кәміл сендік. Өйткені елімізде отызыншы жылдары болған жаппай репресия кезінде жауапқа тартылған адамдардың саны жетпей, жоспарын орындай алмай, «қиналып» жүрген ОГПУ НКВД – нің қолайлы сәті бар ынтасымен пайдаланатыны айдан анық. Сондықтан да бұрынғы Одақтық МВД, КГБ және Алматы, Ташкент, Шымкент қалаларындағы Мемлекет Қауіпсіздік Комитеттеріне сұрау жібердік. Көп кешікпей қолымызға Шымкент қаласынан Нұртаза Шоқаев және басқаларының РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10 және 11 тармақтарымен айыптағаны жөнінде №794 санды тергеу ісі келіп түсті. толығырақ »»»

 

 

 

 

 

Фазылбек Құлтасов

 МХК-нің архив қорында бірсыпыра ары таза, ешбір айып, кінәсі жоқ адамдардың қылмыстық тергеу істері сақтаулы тұр. Олардың есімдері ақталған бойда тізімге тіркеліп, ақпарат беттерінде жарияланып келеді. Дегенмен, жазықсыз жапа шеккен, қазақ жеріндегі мемлекет құрылысының әдепкі қадасына аз да болсаөз үлесін қосқан аяулы адамдардың не істегенін архив материалындағы дерек-дәйектерге сүйеніп көрсеткенді жөн көрдік.

 Сондай адамдардың бірі Фазылбек Құлтасов еді. Жариялық кезеңіне дейін 20-50 жылдардағы репрессия құрбандары жөнінде шындық нақты айтылмады. Біраз жылдар әкесінің өлі, тірісін білмей келген адамдардың бірі – Саидова Құрбанкүл. 1991 жылы шілденің 23 жұлдызында МХК органына жазған арызында ол былай деген. толығырақ »»»

 
<< 1 2 >>
Сайт управляется системой uCoz