![]() |
|||
Әміре
Қашаубаев Көпшілікке
белгілі деректер бойынша 1925 жылы 27 мамырда орыс әншілері Доливо-Саботнацкий,
Ковалева, өзбек әншісі Кари Якубов, бишісі Тамара Ханум,
әзірбайжан әншісі Шевкет Мамедов және басқаларымен
бірге Әміре Қашаубаев Парижде өткен жержүзілік
көрмеде этнографиялық концертке қатысқан. Келесі
күні оның тұрып жатқан қонақ үйіне,
сол жақта эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай келіп,
екеуі біраз әңгімелескен. Көпшілікке
белгілі деректер бойынша 1925 жылы 27 мамырда орыс әншілері Доливо-Саботнацкий,
Ковалева, өзбек әншісі Кари Якубов, бишісі Тамара Ханум,
әзірбайжан әншісі Шевкет Мамедов және басқаларымен
бірге Әміре Қашаубаев Парижде өткен жержүзілік
көрмеде этнографиялық концертке қатысқан. Келесі
күні оның тұрып жатқан қонақ үйіне,
сол жақта эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай келіп,
екеуі біраз әңгімелескен. Әрине, бұл кездесу
Біріккен Саяси Бас басқармасының назарынан тыс қалмайды.
«Қахақ даласының бұлбұлы» атанған
Әміре Қашаубаев, өзінің орындау шеберлігі және
ерекше даусымен бүкіл Европаны таңқалдырып, жер жүзіне
қазақтың атын жайып, елге оралған соң
оның басына тала-талай қауіп төнген. Бұл архивтік
іс-қағаздарынан байқалады. Қазақстандағы
Біріккен Саяси Бас басқармасының болжамы бойынша Мұстафа
Шоқай Кеңес Одағындағы ұлтшыл-буржуазиялық
ұйымдармен Әміре Қашаубаев арқылы байланысып,
одан шпиондық мәліметтер алып отырған көрінеді.
Бұл сезіктерін бекіту мақсатында олар 1927 жылы 14 мамырда
оның үйінде антикеңестік мазмұны бар шығармалар
мен әдебиеттер бар деп тінту жүргізген. Бірақ оны
әшкерелейтін ешбір айғақ зат немесе құжат
табылмаған. Дегенмен ОГПУ қызметкерлері Иса Байзақовтың
жазған екі поэмасын өздерімен бірге ала кеткен. Кейіннен
Иса Байзақов пен Әміре Қашаубаев Қазақстандағы
Біріккен Саяси Бас басқармасының өкілетті округінің
басшыларына мынадай өтініш білдірген: «Қазақстандағы
Біріккен Саяси Бас басқармасының өкілетті өкілі
Каширин жолдасқа азаматтар Иса Байзақов пен Әміре
Қашаубаевтан» Өтініш Бүгін, яғни 14 күні,
Сіздің уәкілдеріңіз біздің үйде тінту
жүргізген болатын. Тінту кезінде Иса Байзақовтың екі
поэмасы (өлеңдері) алынды. Неге алынғаны бізге мүлдем
белгісіз. Осы баяндалған жағдайға байланысты тінту
кезінде негізсіз алынған поэмаларды қайтарып беру жөнінде
нұсқау беруіңізді сұраймын және біздің
үйде не себепті тінту жүргізілгені жайында хабардар етсеңіз» ОГПУ
басшыларының бұл өтінішке қалай жауап бергендері
бізге белгісіз. Бірақ 1927 жылы 6 маусымда Әміре Қашаубаевты
Біріккен Саяси Бас Басқармасы өзіне шақыртып жауап
алған. |
|||
|
|||