![]() |
||
Қазақтың аяулы азаматы
Мұстафа Шоқай 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда
облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе станциясында туған.Ол
әуелі ауылдағы мектепте оқып, кейін Ташкенттегі гимназияны,
Петербордағы университеттің заң факултетін бітірген.
Орыс, ағылшын, француз, поляк және бірқатар түркі
тілдерін емін-еркін білген. 1915-1917 жылдары Түркістан өлкесінің
тәуелсіздігі үшін жанталасып күрескен. 1917жылы қарашада
Қоқанд қаласында болып өткен ІҮ бүкілтүркістандық
мұсылмандар съезі Түркістан автономиясын жариялағаны
тарихтан мәлім. Жалпыға «Қоқанд автономиясы»
деген атпен кеңінен тараған бұл үкіметтің
бірінші Президенті Мұхамеджан Тынышбаев болған. Кейін оның
орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Өкінішке орай, үш
айдан соң Кеңес өкіметі Түркістан овтономиясын
күшпен таратты. Осыдан кейін М.Шоқай шет елге кетуге мәжбүр
болған. Бірақ, ол эмиграцияда жүріп Кеңес өеіметімен
өзінің идеялық күресін тоқтатпады. 1917-1940жылдар
аралығында Стамбулда және Берлинде «Жаңа Түркістан»
деген журналдар басып шығарып, сонда Кеңес өкіметінің
әділетсіз саясатын бүкіл
Батыс еклдеріне жария еткен. 1941жылы неміс фашистері парижді басып
алған соң М.Шоқайды қамауға алып, тұтқынға
түскен түркістандық жауынгерлермен жұмыс істеуге
итермеледі. Кешікпей М.Шоқай белгісіз жағдайда Берлинде
дүние салған. Кеңес
өкіметінің тұсында М.Шоқай туралы бар шындық
айтылмады. Ұзақ жылдар бойы негізсіз «халық жауы»
қатарына қосып келді. Кешегі мемлекет билеушілеріоның
есімін алдымен «Алашорда» және «Түркістан автономиясы»,
кейіннен Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған «Түркістан
Ұлттық комитеті» мен Түркістан легионы» атты ұйымдарға
байланыстырып, күні бүгінге дейін «Отанын сатқан опасыз»
деп атады. М.Шоқайдың елінің бостандығы үшін
күрескенін, Кеңес өкіметінің екі жүзді
саясатын әшкерлегенін дүние білгенімен өз отандастары
естімеді, білмеді. Оның еңбектерінде, тіпті аиын атауға
қатаң тыиым салынды. Бұл тәртіпті бұзғанлар
ОГПУ-НКВД органдарымен аяусыз жазаланды. Оған куә көптеген
архивтік құжаттар. Сонымен
қатар белгілі жазушылар Ә.Әлімжанов, Б.Қойшыбаев,
У.Абдуллин және басқалары нақты деректерге жүгініп
Мұстафа Шоқайдың халқына адалдығын,даналығын,
ақтығына көпшіліктің көзін жеткізген сияқты.
Одан бері «Алаш» қозғалысының қайраткерлері
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және басқалары
саяси және заң жүзінде толық ақталып,
қазақ халқының тарихында өздеріне лайық
орын алды. Осы тұста солармен бірге болған жалғыз
Мұстафа Шоқай ғана ьарихтан өз бағасын
алмай қалды. Бұл жәйт кімнің де болмасын жанына
батады. 1993жылы 5 қарашада Қазақстанның халық
жазушысы Ә.тәжібаев, атақты академиктер 0Ж.Әбділдин,
М,Қозыбаев және елі жоғары құрметтейтін
бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев мырзаға ашық хат жолдап, Мұстафа Шоқайдың
еңбегіне әділ баға беріп, оны еске алу жайлы шараларды
жүзеге асыруды сұрады. 1993жылы
25 қарашада Қызылорда облыстық Кеңесінің
ХІІІ сессиясы Мұстафа Шоқайды Қазақстан Республикасының
азаматы деп тану туралы республика Жоғарғы кеңесіне
ұсыныс жасады. Барша жұрт мұны ризашылықпен
қабылдады. Өмір
өзі көрсетіп отыр, тарих алдауға көнбейді. Бірі
ерте, бірі кеш, бірақ қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының
қайраткерлері түгелдей өздеріне тиесілі орнын табатыны
сөзсіз. Ұлттық
қауіпсіздік оргондарына Мұстафа Шоқайдың жеке
басына қозғалған іс жоқ. Дегенмен бірсыпыра архивтік іс-қағаздарында
ол туралы бірен-саран мәліметтер кездеседі. Біз бұл еңбегімізде
тірнектеп жинап, оқырмандардың назаврына ұсынып отырмыз.
Біздің ойымызша Мұстафа Шоқайға байланысты құжаттардың
барлығы түгелдей жариялануға тиіс. |
||
|
||