Нұртаза Шоқаев

Біз Мұстафа Шоқайдың үстінен қозғалған қылмыстың іс болмаса да, оның жақын туған – туыстарына іс бар екеніне кәміл сендік. Өйткені елімізде отызыншы жылдары болған жаппай репресия кезінде жауапқа тартылған адамдардың саны жетпей, жоспарын орындай алмай, «қиналып» жүрген ОГПУ НКВД – нің қолайлы сәті бар ынтасымен пайдаланатыны айдан анық. Сондықтан да бұрынғы Одақтық МВД, КГБ және Алматы, Ташкент, Шымкент қалаларындағы Мемлекет Қауіпсіздік Комитеттеріне сұрау жібердік. Көп кешікпей қолымызға Шымкент қаласынан Нұртаза Шоқаев және басқаларының РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10 және 11 тармақтарымен айыптағаны жөнінде №794 санды тергеу ісі келіп түсті.

 Енді осы тергеу ісіне назар аударайық. Бұл қылмыстық іс бойынша алты адам жауапқа тартылған. Олар: Шоқаев Нұртаза (кей құжаттарда Мұртаза) Қалмұхамедов Мырзеке, Дүйсембаев Сыздық, Әлімбаев Қырым, Құлтасоф Фазылбек. 1937 жылғы 1 қарашада аты аталған адамдарОңтүстік Қазақстан облысының НКВД басқармасының үштігімен әр түрлі жазаға кесілген. Кейінірек, 1956 жылы 30 желтоқсанда барлығы да түгелдей ақталды. Бірақ кезінде бұл жайлы жария болмаған.

 Қылмыстық іс құжаттарында Нұртаза Шоқаев бірінші болып айыпталады. Тергеу анкетасында ол 1890 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын Қызылорда ауданындағы №14 ауылда туып өскен, кедей – шаруа, бұрынғы бидің баласы, 1931 жылы мемлекеттік салық төлемегін үшін еңбек түзету жұмыстарна сотталған, үйленген. Әйелі Зульфия 42 жаста, қызы Мәдина – 13 жаста, қызы Пәмиля – 5 жаста, үлкен ағасы Мұстафа Шоқаев  52 жаста – Франция елінде тұрады деп көрсетілген. Осыған қоысмша аудандық Кеңестің Нұртаза жайында берген анықтамасы бар. Оны да келтірейік. «Шоқаев Нұртаза -№14 ауылда тұрғыны, руы – бошай, арғы әкесі Торғай деген кісі». Ол патша өкіметі кезінде қазақтың ханы аталған. Нұртазаның өз әкесі Шоқай он жыл болыс болып, патшадан сыйлық алған кісі. Нұртазаның өзі де 1930 жылы 1930 жылға дейін ауылдағы атқамінерлердің бірі болған. Оның туған ағасы Мұстафа шет елге қашып кеткен».

 Жалпы тергеу ісі бірсыдырғы, жеңілдетілген жолмен жүргізілген. Бір таңқаларлық жәйт, бұл қылмыстық іс Нұртаза Шоқаев айып тағудан басталады. Басқа істербойынша сырт көзге болса да бірсыпырғы іс-қағаздарын жинап, сосын барып айып тағылатын.

ҚАУЛЫ айып тағылу жайлы. 1937 жылы 1 қыркүйек. Шымкент қаласы

 Шоқаев Нұртаза Қазақстан жерінде қалыптасқан контрреволюциялық ұлтшыл ұйымға белсене қатысып, Кеңес Өкіметін құлатып, орнына ұлтшыл-буржуазыиялық мемлекет құрмақшы болады. Сондықтан да қылмыстық істер жүргізу кодексінің 128 және 129 – баптарын басшылыққа алып, қаулы етемін

 Шоқаев Нұртаза 1890 жылы туған, қазақ, семьялы, партия мүшесі, шала сауатты, бұрын сотталмаған, байдың және болыстың баласы, Қызылорда ауданы, №14 ауылда туып-өскен, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 10 және 11 тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Өзі алдын ала тергеуге кедергі жасамас үшін Оңтүстік Қазақстан облысының НКВД басқармасының түрмесіне қамалсын» 

Оперативтік уәкіл: Байдилдин

 

 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
   
   
 
<<кері шығу>>
Сайт управляется системой uCoz