![]() |
||
ХХ ғасырдың басында қазақ
әлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шыққан,
төл тарихымызға есімдері алтын әріппен мәңгілік
жазылған ұлтымыздың аса көрнекті саяси тұлғаларының
ішінде Мұстафа Шоқайдың өзгелерге ұқсай
бермейтін өзіндік тағдыры болды. Ол омірінің соңғы
20 жылдан астамын жат жерде туған еліне деген ерекше ыстық
ықыласты сғынышпен қатар өз ұлтының
рухани бостандығын, Түркістан аймағының азаттығын
аңсаумен өткізді.
Мұстафа Шоқайдың саяси күрескер ретіндегі табиғатын
ашу үшін оның әлеуметтік саяси көзқарасының
қалыптасуында айрықша рөл атқарған аса
маңызды факторларға соқпай кетуге болмайды. Оның
ел ішінде әділдігімен Шоқай би атанған әкесі
мен атасы Торғай датқаның суреттерінің патша
үкіметінің арнайы тапсырмасымен дайындалған фотоалъбомға
кіруі бұл әулеттің Сыр өңірінен тысқары
жерлерге де мәлім екенін айғақтайды. Мұстафа
Шоқайдың анасының да текті жұрттан шыққандығы
жөнінде жазылып жүр. Осы туралы біз де өзімізге белгілі
кейбір мәліметтерді айта кетсек артық болмас.Менің
туған әкем Қошқар да, бала етіп етіп бауырына
салған Бәкір де кешегі Ұлы Отан соғысына 1942
жылы кетіп, оралмағандар. Сол себепті мен анамның екінші әкесі, Бәкірдің туған
ағасы Сопбектің Ахметінің тәрбиесінде болдым.
Ең алғаш Мұстафа Шоқай есімін сол кісіден естідім.
Ахмет әкемнің айтуына қарағанда, Мұстафаның
анасы -әкемнің атасы Баспақ батырдың (шын аты
Мәмбетелі) туған қарындасы.Біздер 1949 жылы Сырдария
ауданына қарасты «Айдарлы» калхозынан Қызылорда қаласына
көшіп келгенде Бұрынғы Некрасов (қазір Жарқынбаев)
атындағы көшеде Мұстафаның туған інісі,
«халық жауы» атанып ұсталып кеткен Нұртазаның
отбасымен көрші тұрдық. Оның кемпірі «біздің
қайнаға жеті патшаның тілін білетін еді» деп отыратын-ды.
Екі отбасының қатынасы Нұртазадан қалған
жалғыз ұл Мадиярдың Оңтүстік Қазақстан
жаққа көшіп кетуімен үзілді. Шынын айтқанда,
оған жұрт тыныштық бермеді. Ол қаланың
іргесіндегі «Кооператив» деп аталатын елді мекендегі мектепте орыс тілінен сабақ
беретін-ді. «Халық жауының баласы қалай мұғалім
болып істейді?» деген арыздар тиісті органдарға қайта –
қайта түскенін Мадиярдың бірде Ахмет әкеме айтып отырғанын естіген
едім.
1996 жылы Сұлутөбе стансасында Мұстафа Шоқайдың
110 жыл толуына байланысты ас
берілгенде Нұртазаның қызы Мәдина апай да: «Айналайын
Жәлел, біздің түбіміз сен тәрбиеленген отбасымен байланысты ғой» деген болатын.
Мен естіген, көргенімді ғана айтып отырмын.
Өзіндік мәдениеті , салт- дәстүрі жеткілікті
отбасында дүниеге келген Мұстафа шынайы қазақ тәрбиесін
алып өседі. Ол кезде бүгінгідей жазба әдебиеттер өте сирек болғанымен атадан балаға
мирас болып келе жатқан ауызша сан тақырыптағы
дастандарға қазақ даласы
кенде болған жоқ .Ауқатты датқа ауылында ақын-жыраулардың да жиі болып тұруы ғажап
емес-тін. Олардың ел билеген хандар мен халқын қорғаған
батырлар туралы ауыз әдебиетінің
озық үлгілерін, көрші елдердің және түркі тектестердің әр түрлі дастан-қиссаларын бала Мұстафа
естіп, халықтық
рухты бойына жасынан сіңіріп
өсті.
Ата тегімен, ана сүтімен
дарыған қабілетті, өзі зерек,
ауылда орысша жап-жақсы
сауатын ашқан гимназист
оқып журіп-ақ қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады . Елден келген кісілердің түрлі өтініш-арыздарын
шешуге қатыса
жүріп, жергілікті халықтар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көзімен
көрді. Басқаны былай
қойғанда оқуды жақсы
бітірген Мұстафаға тиісті алтын медалъды
генарал Самсоновтың орыс баласына
жаздыруы ел ішінде
де ең бірінші отарлық
саясаттан туған әділетсіздікті
көріп өскен оған
орыс билеушілерінің озбырлығын тереңірек таныта түсті. |
||
|
||