Аманбаев Жүсіпбек

 

  Бұл қылмыстық іс 1937 жылы 17 наурызда Қызылорда аудандық (ол кезде Қызылорда Оңтүстік Қазақстан облысының ауданы болған) НКВД бөлімшесімен қозғалған. Жауапқа 17 адам тартылған. Олардың аты-жөнін айта кетейік: Тынышбаев Арыскен, Әміров Құлман, Асқаров Қазыбек, Лубаев Кенжәлі, Жүсіпбаев Дармен, Алдабергенов Оспан, Мырзахметов Мақаш, Ахметов Бергенбек, Сутеков Сарсенбай, Тымпышов Асан (Бұлардың барлығы 1937 жылы атылып кеткен). Солармен бірге Иманбаев Жағыпбар, Майбасаров Жүсіп, Омаров Садық, Ахметов Бектұрған, Оразов Тұрғанбай және Бегілов Өтеген де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталған.

  Алдын-ала тергеу кезінде жасалаған анықтамада былай делінген: «Қызылорда аудандық НКВД бөлімшесіндегі мәліметтерге қарағанда Қызылорда ауданына қарасты N 14 ауылдың тұрғындары, яғни партия қатарынан шығарылған Қалмұхамедов Мырзеке (М. Шоқайдың немере інісі), Торғай шаруашылығының директоры Аманбаев Жүсіпбек, Әміров Құлман және Жарамбетов Құлымбет (есімдері тергеу құжаты бойынша беріліп отыр), белгілі алашор-далықтардың идеологы Мұстафа Шоқайдың жетекшілігіндегі ұлтшыл-контрревролюциялық ұйымына мүше болып кірген. Осы ұйымның тапсырмасымен олар ел арасында Кеңес өкіметімен құлатып, капитализмді қайта орнату мақсатында бірсыпыра  зиянкестік жұмыстар жүргізген. Осы айтылған негіздерде Қалмұхамедов, Аманбаев және басқалары қамауға алуға рұқсат сұраймын» 1937 жылы 17 наурыз 

 

кешірініздер сайт курылыста

 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Нақтырақ білгіңіз келсе... >>
 
   
 
<<кері шығу>>
Сайт управляется системой uCoz